Наурыз мейрамы Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында тойланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ертеден табиғаттың оянуын білдіріп келген күн мен түннің теңескен күні бұл орынға таңертеңнен бері мыңдаған адам жинала бастады.
Наурыз мейрамы Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында тойланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ертеден табиғаттың оянуын білдіріп келген күн мен түннің теңескен күні бұл орынға таңертеңнен бері мыңдаған адам жинала бастады.
Наурыз мейрамы Орталық мәдениет және демалыс саябағында тұңғыш рет тойланып отыр. Осыған дейін мегаполис билігі іс-шараларды қаладағы алаңдарда өткізуден бас тартқан болатын. Алматы әкімі Ахметжан Есімов алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, таяуда ғана мемлекеттің меншігіне өткен саябақта болған өзгерістерді бағалауды ұсынды.
Наурыз мейрамына орай, саябақ интерактивті және тематикалық демалыс орындарына бөлінді. "Спартак" стадионында түрлі би ансамбльдері мен танымал орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Осы жылы Наурыз мейрамы Қазақ хандығының мерейтойына арналғандықтан, көрермендер соған сәйкес театрландырылған қойылымдарды тамашалай алды.
Саябақ территориясы (44 гектар) "Қазақ ауылы" этно-реконструкциясын, аттардың шоуын және спорт сайыстарын көруге болатындай тең бөлінген. Сонымен қатар, домбыраның қоңыр үнін және тағы да басқа аспаптардың әуенін тыңдауға, қолөнер шеберлерінің дайындаған туындыларын сатып алуға, қазақ халқының салт-дәстүрімен танысуға және наурыз көже, бауырсақ, қуырдақ, палау сияқты тағамдардан ауыз тиюге мүмкіндік берген киіз үйлердің қалашығын айта кету керек.
Саябаққа келген бүлдіршіндерге де түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды.
Ал кешкі 19.00-де "Спартак" стадионында "Орда" тобының жеке концерті өтеді де, 21.00-де Көктөбеде мерекелік отшашу болады.