13 қаңтар 2021 | 15:23

Алматы облысы әкімдігі ту ұстаған шабандоздардың видеосына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы әкімдігінің өкілдері ту ұстаған шабандоздардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы әкімдігінің өкілдері ту ұстаған шабандоздардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда ауыл тұрғындарының туды ауылдан ауылға жіберіп, Алматыға қарай бара жатқаны айтылады.

Ал кейбірі тіпті видеодағылардың Нарынқол мен Кегеннен келе жатқанын айтады. Олар мұны видео деп санамауды сұрайды.

@kyzylorda23

#рекомендации #лайк #рек

♬ оригинальный звук - ДАНИЛО

Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли бұл әкімдікпен келісілген "Менің туым, менің отаным" республикалық челленджі екенін түсіндірді. Бұған дейін осындай іс-шара СҚО-да өтіп, Алматы облысының ауыл тұрғындары оны қолдауға шешім қабылдаған екен.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жол апаты болмауы үшін олармен бірген жүрген.

"Бірақ чаттар мен әлеуметтік желілерде арандатушылар пайда болды. Онда жалау ұстағандардың Нарынқол, Кегеннен Алматыға бара жатқаны айтылды. Бұл бос сөз, іс-шараның саясатқа қатысы жоқ.

Мұның бәрін Еңбекшіқазақ ауданының жастары бастады, қазір олар Талғарға қарай бара жатыр. Құқық қорғау органдары дұрыс емес мәліметті таратып, патриоттық акцияны басқа арнаға аударатындарды анықтайды", - деді Алматы облысы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Рустам Әли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети