Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты Алматы маңында болған.

"Төңкеріс-Байсерке тасжолындағы жол апаты бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Әсет Масабаевтың жағдайы туралы айтылған жоқ.

Ол еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциялары" АҚ-ның электромонтеры болып бастаған.

Әр жылдары "Наз" ЖШС-ның бас энергетигі, "Алмаз және КЮС" ЖШС техникалық директоры, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, Алматы қаласы Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі лауазымдарында қызмет атқарған.

2024 жылғы 16 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін "ULKEN GROUP LTD" жеке компаниясының басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети