Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев басшылықтан оны өз еркімен жұмыстан босатуын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Серік Тұрдалиев Facebook желісіндегі парақшасында осы қызметте бес жыл болғанын және мұның берілген тапсырмаларды орындауға жеткілікті уақыт екенін айтып өтті.

"Әр нәрсенің өз уақыты келеді. Осыған байланысты мен басшылықтан өз еркіммен жұмыстан босатуларын сұраймын. Осы жұмыстан шаршадым деп айта алмаймын. Керісінше, бұл жылдар менің мансабымдағы ең жақсы кездердің бірі. Жақсы тәжірибе алдым, қызықты адамдарды кездестірдім. Біраз жұмыстар атқарылды деп ойлаймын. Осы өңірдің әрі қарай дамуына мүмкіндіктертің көп екеніне сенімдімін!", - деп жазды Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев
Айта кетейік, Серік Тұрдалиев 2012 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Бұл қызметіне дейін Тұрдалиев "Қазақмыс" корпорациясында жұмыс істеген болатын.