10 қаңтар 2022 | 13:23

Алматы облысы әкімінің орынбасарын бір топ шеруші ұрып-соққан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лаззат Тұрлашов. Фото: ОКҚ Лаззат Тұрлашов. Фото: ОКҚ

5 қаңтардағы митинг кезінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов жарақат алды. Қазір 61 жастағы шенеунік ауруханада жатыр. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

5 қаңтардағы митинг кезінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов жарақат алды. Қазір 61 жастағы шенеунік ауруханада жатыр. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қаңтарда Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов наразылық білдірушілер сауалына жауап беру үшін алаңға шыққан, бірақ шенеунікті ешкім тыңдамаған.

"Қазақта "басу айту" деген сөзі бар, ол жастарды тыныштандыру үшін шықты. Бірақ ол жерде, көргеніміздей, өз үндеуін айтатын топ емес, билік пен конституциялық құрылысты құлатуға бел буған топ болды. Олар оны тыңдамай, ұрып-соға бастады. Оны арашалап қалдық, қазір жағдайы жақсы", - деді Ғалымұрат Жүкел.

Ләззат Махатұлы ауруханада жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланған.

"Ол қандай жарақат алғанын айта алмаймын, бірақ аман-есен. Ол ауруханада қайтыс болды деген ақпарат - жалған. Мен онымен кеше сөйлестім", - деп қосты Жүкел.

Ләззат Тұрлашов 2016 жылдан бері Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. Әр жылдары Алматы облысының Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі болған. 1984 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс салдарын жоюға қатысқан.

4 қаңтарда Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев шерушілерге шыққан. Оның кеңесшісінің айтуынша, ол наразылық білдірушілерден келіссөз жүргізе алатын 20 адамнан тұратын бастамашы топ құруды сұраған, бірақ олар бас тартқан. Сондықтан облыс басшысының өзі халық алдына шыққан.

"Ол түсіндіріп, тыңдай бастады, бірақ наразылық білдірушілердің өздері бірауыздан пікір білдіре алмағандықтан диалог орнамады. Жиналған жұрт облыс әкімдігіне қарай мақсатты түрде бет алғанда Тұрлашов кетіп қалды. Көпшілік оны ұстап алды, сол жерде ол жарақат алды. Әкімдікке өрт қойды, ғимарат жартылай өртенді. Алғашқы үш қабат өртенген. Қалада бірнеше кеңсеміз бар, басқа жерге көштік", - деп түйіндеді сөзін әкімнің кеңесшісі.

Айта кетейік, қазір Алматы облысында күш құрылымдарының антитеррорлық операциясы жүріп жатыр. 10 қаңтардағы жағдай бойынша облыста тәртіпсіздіктерге, погромдарға және тонауға қатысты деген күдікпен 430-дан аса адам полицияға жеткізілген. Ұсталған 20 азаматтан 58 атыс қаруы тәркіленді. Бұл тапанша, пулемет, шолақ мылтық және т.б.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети