Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған полиция басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ІІМ өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған полиция басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ІІМ өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми сұрауға жауап ретінде ведомство өкілі министрліктің тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы ПД басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қарағанын мәлімдеді.
"ІІМ-нің 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығы бойынша, Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған Полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды", - деді ведомство өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!