Алматы облысының прокуроры лауазымы бос тұр. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының прокуроры лауазымы бос тұр. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы бас прокурорының 2022 жылғы 19 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, Азамат Сембайұлы Жылқыбаев өз өтініші бойынша Алматы облысының прокуроры қызметінен босатылды.
Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуроры орны бос тұр", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.
Азамат Жылқыбаев 2017 жылдың ақпанынан бері Алматы облысының прокуроры болып жұмыс істеген. 2013-2017 жылдары Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!