Алматы облысы санитария дәрігеріне әлдекімдер брифингте жауап беруге көмектесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы санитария дәрігеріне әлдекімдер брифингте жауап беруге көмектесті

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОКҚ брифингі барысында өңірдің бас санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов сұрақтарға жауап берді. Брифинг кезінде "Алтын Орда" базарының жұмысы туралы сұрақ қойылғанда оған әлдекімдер көмектескені эфирге түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерғали Сыдымановтан журналист "Алматы облысында кәсіпкерлерге қатысты қандай карантин шектеулері енгізілгеніне қарамастан, неге ол "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда үйінің жұмысына әсер етпейтінін" сұрады. 

"Базар республикалық деп айтыңыз, бірақ онда қажетті шектеулер бар", - деді әлдебіреу өңірдің бас снитария дәрігеріне сыбырлап.

Ерғали Сыдыманов айтылғанды қайталады. Брифингке Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров те қатысқан. Шамасы, олардың біреуі "көмектескен" болуы мүмкін.

Айта кетейік, брифинг барысында Алматы облысы әкімдігі мен санитарлық қызмет өкілдері "Алтын Ордадағы" заңбұзушылықтар бір күнде ғана байқалғанын және Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері сөгіс алғанын хабарлаған болатын. Базар әкімшілігі жазаланды ма, жоқ па әлі белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети