Алматы облысы тұрғындары наразылық акциясына шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы тұрғындары наразылық акциясына шықты

Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылының тұрғындары су проблемасы салдарынан наразылық акциясына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылының тұрғындары су проблемасы салдарынан наразылық акциясына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе бұрыннан бар. Олардың сөзінше, мердігер ұйым суды кестедегі уақытпен береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Қарасай ауданы әкімдігі өкілі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Халықтың талабы - бұл ұйымды басқа ұйымға ауыстыру, себебі қазір бұл ұйым суды кесте бойынша береді.

ЖШС басшылығы су берудегі іркіліс жаз кезінде суды көп мөлшерде тұтынуға байланысты екенін айтты, осыған орай суды толық бере алмайды, тек кесте бойынша ішінара, күн сайын бірнеше сағатқа сөндіреді. Мұны тұрғындарға Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Терлікбаев түсіндірді", - деді аудан әкімдігі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети