Алматы облысы тұрғындары республикалық маңызы бар тасжолды жауып тастады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы тұрғындары республикалық маңызы бар тасжолды жауып тастады Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары шұрық-тесік жолға наразылық білдіріп, республикалық маңызы бар тасжолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары шұрық-тесік жолға наразылық білдіріп, республикалық маңызы бар тасжолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл ауылы "Алматы-Нұр-Cұлтан" тасжолы бойында орналасқан. Күн сайын мұнда жүздеген жеңіл және жүк көлігі өтеді. Тұрғындардың айтуынша, "Бейбітшілік" көшесі ұзақ уақыт бойы жөнделмеген.

"Көктем мен күзде бұл жерден өте алмайсың. Жедел жәрдем де, такси жүргізушілері де жете алмайды. Жол нашар болуына байланысты өзімізге де, балаларға да бірнеше рет аяқкиім сатып алуымыз керек. Әкімдік әрекет етпей отыр, бұл наразылық белгісі - жергілікті билік үшін ескерту", - дейді ауыл тұрғындары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Жамбыл ауылы әкімдігі өкілі көшені жөндеу жобасы дайын екенін айтты. Алайда қаражат әлі бөлінбеген.

"Тасжолдаы жөндеуге бюджет қаражатын бөлу үшін жобалау-сметалық құжаттама қажет. Себебі ол құжат жөндеу жұмыстарының түрі мен құнын анықтайды. Бүгінде Жамбыл ауылы "Бейбітшілік" көшесінің құжаты дайын. Сол бойынша бюджеттік өтінім Алматы облысының кезекті сессиясының мәслихатына жіберіледі. Тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деді жергілікті әкімшілік қызметкері.

Ал ауыл тұрғындары оқу жылы басталғанға дейін көшені жөндеуді талап етіп отыр. Олай болмаған жағдайда, "Алматы - Нұр-Сұлтан" тасжолын бір тәулікке жабуға ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети