Алматы облысында 100 жастағы тұрғын референдумда дауыс берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Панфилов ауданы, Жаркент қаласының 100 жастағы тұрғыны Зейнелхан Оспанова Алматы облысында алғашқылардың бірі болып дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Панфилов ауданы, Жаркент қаласының 100 жастағы тұрғыны Зейнелхан Оспанова Алматы облысында алғашқылардың бірі болып дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 баланың анасы, облыстың құрметті тұрғыны Зейнелхан апа Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы барлық саяси дауыс беруге қатысқан. Бүгін де ол өз дауысын беруге келген.

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
Реклама

"Қазақстанымыздың гүлденуі. Бәрі жастар үшін - еліміздің болашағы үшін жасалып жатыр. Бәрі референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы керек. Бұл әрбір қазақстандық үшін өте жауапты миссия", - дейді Зейнелхан Оспанова.

Бұған дейін референдумда дауыс берген шенеуніктер туралы жазған болатынбыз.

Еске салайық, бүгін, 5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама