05 маусым 2022 09:43

"Әйелімен келді". Референдумда қай шенеуніктер дауыс берді?

Бүгін Қазақстанда Конституциядағы өзгерістерге дауыс беруге байланысты референдум өтіп жатыр. Шараға шенеуніктер де белсенді қатысып, дауыс беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Қазақстанда Конституциядағы өзгерістерге дауыс беруге байланысты референдум өтіп жатыр. Шараға шенеуніктер де белсенді қатысып, дауыс беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов ұлттық кітапхана ғимаратындағы №111 сайлау учаскесіне келіп, референдумда дауыс берді. 

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та референдумда өз таңдауын жасады. 

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та референдумда дауыс берді. Ол "Қазақстан темір жолы" ғимаратындағы сайлау учаскесінде таңдауын жасады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев әйелімен бірге келді. Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Бүгін біздің мемлекетіміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен сайлау учаскесіне еліміздің болашағы, мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуі, Алматы мен қала тұрғындарының бірлік-берекесі үшін дауыс беруге келдім", - деді Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев әйелімен 

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов те референдумда таңдауын жасады. Ол 5 маусым "тарихи күн" екенін тап өтті. Сонымен қатар, Алтай Көлгінов сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге алғыс айтты.

Фото: instagram.com/altay_kulginov_official 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети