23 сәуір 2015 | 09:36

Алматы облысында 105 жастағы ардагер пәтер ала алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"КТК" кадры "КТК" кадры

Алматы облысында 105 жастағы ардагер пәтер ала алмай жүр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 105 жастағы ардагер пәтер ала алмай жүр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Ожан Жұртышеваның туыстарының айтуынша, шенеуніктер оның құжаттарын жоғалтып алған. Ардагер бұдан кейін қайта құжат жасап, тұрғын үй алу үшін кезекке тұруға мәжбүр болған. "Соғыс кезінде, шырағым, дүниеде өгізбенен қарағайды жыққан қиын екен. Оны да жықтым. Кертіп кертіп, арқанмен сүйреп кел дейтін. Істеген еңбегім бар. Маған бір үй тиетін-ақ жөні бар ғой!", - деді ол.

Қазіргі уақытта ардагер немересінің үйінде тұрады. Тоғыз адам болып олар 30 шаршы метр үйде өмір сүреді. Үйде жуынатын бөлме де, дәретханада жоқ. Ал өз пәтерін Ожан Жұртышева 10 жыл бұрын алуы керек болған. 

"Ожан Жұртышева әжей 2005 жылдың 5 сәуірінен бастап "Ұлты отан соғысына қатысушыларына теңестірілген тұлғалар" категориясы бойынша тұр. Осы жылы осы категория бойынша екі пәтер берілді. Бұл, сонда 74-баптың, 1-пункті бойынша тұрғын үй кезектегі орны бойынша үй беріледі", - деді Ербол Серікбаев, Қапшағай әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Бүгінде Ожан Жұртышева кезекте бесінші болып тұр. Бірақ осы жылы тек екі тыл ардагеріне баспана үлестірілді. 105 жастағы кейуанаға пәтердің қашан берілетіні белгісіз қалып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети