Алматы облысында 11 және 12 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Алматы облысында 11 және 12 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары мынадай қаулы жасады:
"Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының полиция департаменті, Облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және Алматы облысының "Атамекен" ҰКП филиалы 2020 жылғы 11 және 12 шілдеде қоғамдық көліктің, сондай-ақ, барлық нысанның қызметін тоқтатуды қамтамасыз етсін", - делінген хабарламада.
Облыстың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер ережеге бағынбайды. Олардың ішінде:
1. Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымы (электр энергетикалық компаниялар, сумен/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электрик, сантехник, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер. Сондай-ақ, тізімге жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар кірді;
2. Өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, ашық кеңістікте құрылыс компаниялары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде жұмысын жалғастырады;
3. Медицина ұйымдары;
4. Стоматология ұйымдары;
5. Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығы жедел жәрдем қызметтері;
6. Зертханалардың барлық түрі;
7. Азық-түлік супермаркеттері мен дүкендер, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтары мен көппәтерлі тұрғын үйлердің ішіндегі;
8. Дәріханалар, оның ішінде ветеринариялық;
9. Бұқаралық ақпарат құралдары;
10. Ауыл шаруашылығы, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге тартылған ұйымдар мен қызметкерлер;
11. Күнделікті жұмыс кестесі бар және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, автожанармай құю және автогаз құю станциялары;
12. Жұмыс алгоритмін сақтай отырып әуежайлар, теміржол вокзалдары;
13. Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар;
14. Салт бойынша қызмет көрсету объектілері, зираттар;
15. Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары;
16. Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде теміржолдарға қызмет көрсету бойынша қызметтер.
Қаулы 2020 жылғы 11 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!