07 қазан 2019 | 16:58

Алматы облысында 15 жастағы қыз жол талғамайтын көлікті мініп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс орталығының полицейлері "Лексус RХ-300" автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 15 жасар қызды ұстады. Оның аймақтағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Облыс орталығының полицейлері "Лексус RХ-300" автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 15 жасар қызды ұстады. Оның аймақтағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 6 қазанда тіркелген. Талдықорған қаласы полициясының  "102" арнасына жергілікті сауналардың бірінің аумағынан джип ұрланғаны  туралы хабарлама келіп түсті. Көшелерде орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, қаладан шығу жолдарына тосқауыл қойды.

"Автокөлік облыс орталығынан Үштөбе қаласына қарай бет алған. Күдікті құрбысымен бірге көлікті тастап, такси ұстап із суытуға тырысты. Күдікке ілінген бойжеткен көлік иесінің танысы болып шықты. Күдікті қалалық полицияға жеткізілді және 15 жастағы бойжеткеннің Үштөбе колледжінің бірінде оқитыны анықталды. Ұрланған автокөлік бірден заңды иесіне қайтарылды" - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Құқық бұзушылыққа қатысы бар жағдайлар тексеру барысында анықталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети