07 желтоқсан 2015 | 10:01

Алматы облысында 20 жастағы студент қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзада Авлатарова Айзада Авлатарова

Алматы облысында 20 жастағы студент қыз жоғалып кетті. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны Айзада Авлатарова 3 желтоқсан күні көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. Бұл туралы қыздың туыстары Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 20 жастағы студент қыз жоғалып кетті. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны Айзада Авлатарова 3 желтоқсан күні көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. Бұл туралы қыздың туыстары Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Қыздың атасы Руслан мен туысы Гүлзара Айзаданың экономика және құқық колледжінде оқитынын айтты. Айзада жолда досына хабарласып, жүргізушінің оны Қапшағай жаққа апарғанын айтқан. Сонымен қатар, әңгіме барысында ол қатты қорқатынын бірнеше рет қайталап айтыпты. Кейін қыз бірге оқитын құрбысына хабарласып, колледжге бес минуттан соң келетінін жеткізген. Дегенмен ол сол күйі барған жоқ. Қыздың телефоны өшірулі.

Сол күні қыздың туыстары полицияға хабарласты. Әзірше ешқандай нәтиже жоқ.

Қыздың туыстары оны ұрлаған адамға Айзаданы қайтарған жағдайда ешқандай жаза болмайтынын жеткізді. "Егер қызды қайтарсаңдар бұл істі жай ғана жаба саламыз. Ешкімге айтпаймыз. Болмаса мұның арты жаман болады", - деді туыстары.

Айзаданың әпкесі Гүлзара Зарелованың айтуынша, қыз жастайынан әкесіз өскен. Оның анасы Оңтүстік Кореяда өмір сүріп жатыр. Айзаданы атасы мен әжесі тәрбиелеген.

Қыздың үстінде сол күні қара күрте, көк шалбар мен қызғылт орамал болды. Егер оны көргендер болса келесі мекенжайға хабарласуларын сұраймыз: +77089263417, +77085277511, +77029255558 немесе 102.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети