Алматы облысында екі мың гектарға жуық аумаққа апорт отырғызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс басшысы Амандық Баталовқа сілтеме жасап.
Алматы облысында екі мың гектарға жуық аумаққа апорт отырғызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс басшысы Амандық Баталовқа сілтеме жасап.
"Өздеріңіз білетіндей, апорт - Алматы облысының визиттік карточкасы. Оны қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті, барлығы екі мың гектарға жуық апорт бағы отырғызылды", - деді Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
"Азық-түліктің барлық қажетті түрімен қамтамасыз ете алатын біздің облысқа қазіргі уақытта 432 млн долларға тағам өнімі сырттан әкелінеді. Сондықтан импорт алмастыру әрі ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін аудандардың барлығында қолданыстағы кәсіпорындар жаңартылады және ет-сүт, жеміс-жидек пен көкөніс өндірістері ашылады", - деді Алматы облысының әкімі.
Бұған дейін ол брифингте маусымында 100 мың тоннаға дейін өнім шығара алатын қант зауыты салынатынын хабарлады.
Айта кетейік, кәсіпкер Ерлан Стамбеков те Алматыны алма бағына айналдыру идеясы туралы айтқан еді. Бірақ шенеуніктер бұл бастамаға сенімсіздікпен қарады. Сонымен бірге, 2021 жылы Алматыда клондалған алма өнімі пайда болатыны да хабарланды. Қазақстан ғалымдары алманың жаңа сортын пробиркада өсіріп шығарды.