"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында пилоттық жоба арқылы Алматы облысында жыл соңына дейін 48 пәтерлік таун-хаустарды салу жоспарланып отыр, оның жалпы аумағы - 5918,4 шаршы метр. Бұл туралы "Тұрғынүйжинақбанк Қазақстан" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер салынып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу болып табылады.
Ғалымжан Дәулетбаевтың айтуынша, кезекте тұрған адамдар жәй ғана жер алып қана қоймай, дайын үйге ие болады.
"Үміткерлер екі маңызды мәселені ескеруі тиіс: олар жер алуға кезекте тұруы тиіс және "Тұрғынүйжинақбанк Қазақстан" АҚ жинақ қорында есепшоты болып, салымы болуы тиіс. Салынғалы жатқан үйлердің аумағы 80 шаршы метрден басталып 123 шаршы метрге дейін барады. 1 шаршы метрдің құны - 120 000 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша, үй алу үшін салымшылар үй бағасының 30 пайызын төлеуі керек. Пәтер алуға Жер комитетінің тізіміндегі кезекте болуы қажет.
Еске салайық, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының, "Нұрлы жол" бағдарламасы және "Өз үйім" антикризистік бағдарламасы бойынша Алматы облысында қңірдің 37 мың тұрғын "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ салымшылары атанды.