08 наурыз 2023 | 10:15

Алматы облысында 500 отбасы ауылдан шыға алмай қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қарасай ауданына қарасты Байтөбе ауылының тұрғындары ауыл маңына жаңа Үлкен айналма жолы түскелі әбігерге түскен. 6 жолақты республикалық тасжолда ауылға кіретін жолайрық салынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарасай ауданына қарасты Байтөбе ауылының тұрғындары ауыл маңына жаңа Үлкен айналма жолы түскелі әбігерге түскен. 6 жолақты республикалық тасжолда ауылға кіретін жолайрық салынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Алматы облысындағы 500 отбасы ауылдан шыға алмай қалған. Олардың айтуынша, үлкен тасжол елдімекенді қақ бөліп өтіп, Байтөбеге кіретін жол қалдырмаған. Кесірінен тұрғындар баспанасына тау асып, батпақ кешіп жетіп жүр.

"Балаларымыз 3 мезгіл мектепке барады. "БАКАД жабылады" деп біз аралда қалдық. Учаскені сатқан кезде БАКАД түседі деген соң, халық қуанып алған. Әкімдікке айтсақ, олар білмейтінін айтты. Олар жер сатылған кезде қалай білмеген?! Құжатымыз бар", - деді ауыл тұрғыны Бүркіт Байдаулетов.

Осында қоныс тіккен қарапайым халық қалаға қатынап, нәпақа табады. Сондықтан айлықтың жартысы ауылды айналып өтіп келетін таксиге кетеді, ол аздай екі күннің бірінде көлік бұзылып жолда қалады.

"Келешегіміз балаларымыз ғой. Осылар қиналмай мектебіне, балабақшаға барып келгенін қалаймыз. Уәде береді. Бірақ түк те жоқ", - деді ауыл тұрғыны Малика Иманқұлова.

Ал сала мамандарының айтуынша, 16 елдімекенді басып өтетін Үлкен Алматы жолында тек 10 шақырымдық арақашықтықта жолайрық жасалуға тиіс. Сәйкесінше, үлкенді-кішілі техникаға тосқауыл болатындай қауіп болмауы керегін айтады. Яғни бұрылысты кез келген жерге қоюға болмайды.

"Қала құрылысын реттеуге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар елдімекендерге шегінде жол жиегін салуға тиіс қаржыны бөлу арқылы бекітілген жобасын іске асыруы қажет. Кемертоғанға қарасты Байтөбе ауылына келетін болсақ, бұл ретте нормотив құжаттарға сәйкес, 1 А техникалық автомобилдер санатындағы жолдармен бір деңгейде қабысуға жол берілмейді", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басқарма жетекшісі Жандос Игембаев.

Байтөбеліктер қалаға қатынау қиындай түскеніне наразы. Жұртшылық Үлкен айналма жолы толық қолданысқа берілсе, қазіргі қара жолдан да құр қаламыз дейді.

"Біздің мектебіміз мынау Кемертоғанда тұр. Егер айналып барсақ, 15 шақырым асып кетеді. Кептеліс тағы бар. Біз әрі қысқа, әрі ыңғайлы жол жасап беруін сұраймыз", - деді ауыл тұрғыны Ермек Тұрдақынов.

Әзірге Байтөбеліктерге ауылға кіретін қосымша жол құрылысының аяқталуын күтуден басқа амал жоқ.

"Біз дереу шешім қабылдап, ауылға кіретін қосымша жолды қарастырып бердік. Қазір ол жолайрық 70 пайыз аяқталып қалды. Бұл жол құрылысын биыл сәуірде өткізуді жоспарлап отыр. Ол аяқталса, ауылға кіріп-шығу қиындық тудырмайды, - деді Қарасай ауданы әкімнің орынбасары Марлен Қасенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети