Алматы облысында 6 көшені ҮАААЖ-ға дейін ұзарту қай кезеңде?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 6 көшені ҮАААЖ-ға дейін ұзарту қай кезеңде? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Жолшылар Алматы облысында ҮАААЖ-ға дейін көшелерді ұзартуға қатысты жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолшылар Алматы облысында ҮАААЖ-ға дейін көшелерді ұзартуға қатысты жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Үлкен Алматы айналма авто жолына қарай алты бағыт салынып жатыр. Олардың қатарында Абай, Рысқұлов даңғылдары, сондай-ақ Сайын, Ақын Сара, Тілендиев көшелері мен Солтүстік жартылай шеңбер бар.

"Бүгінде алты жолдың бесеуінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр:

  • Абай даңғылы бойынша ҮАААЖ бен Ақсай өзені арқылы өтетін көпірлердің құрылысы 70 пайызға, жер жұмыстарының 40 пайызы (1,2 шақырым) орындалды;
  • Рысқұлов даңғылы бойынша ҮАААЖ арқылы өтетін эстакада жұмысының 70 пайызы және жер жұмыстарының 30 пайызы (1 шақырым) орындалды;
  • Сайын көшесінде 30 пайызға темір жолдан өтетін көпір салынып, 4,5 шақырым асфальтбетон жабындысы төселді;
  • Тілендиев көшесі бойында жер жұмыстары, су құбырлары мен жасанды құрылымдарды орнату (сегіз дана) жүргізіліп жатыр;
  • Солтүстік жартылай сақина бойымен ҮАААЖ арқылы өтетін эстакада құрылысы жұмыстарының 60 пайызы аяқталып, 2,5 шақырым асфальт төселді;
  • Ақын Сара көшесі бойынша биыл ақпанда жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды", - деді облыс әкімдігі өкілдері.

Фото ИИДМ Жол комитетінен алынған

Қаражат бөлу барысына байланысты нысандарды аяқтау мерзімі 2024 жылдың желтоқсанына немесе 2025 жылдың басына жоспарланғаны атап өтілді.

"Көлік қозғалысын айтарлықтай азайтатын және жаңадан салынған магистральдарға, атап айтқанда, Абай, Рысқұлов даңғылдары, Сайын, Тілендиев, Ақын Сара және Солтүстік жартылай сақина қаланың басты көшелеріне шығатын жаңа радиал жолдардың құрылысы Алматы облысы мен Алматы қаласы көлік жүйесін дамытудың маңызды жобасы болып табылады", - деп қосты облыс әкімдігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети