05 қараша 2023 | 11:24

Алматы облысында 7 жастағы қызды зорламақ болған педофил бостандықта жүр - Дина Таңсәрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Қоғам белсендісі, "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Алматы облысында болған жантүршігерлік жайт туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қоғам белсендісі, "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Алматы облысында болған жантүршігерлік жайт туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Дина Таңсәріден ауыл тұрғындары көмек сұрап, хат жазған.

"Ауылымызда кішкентай қызды зорламақ болған педофил ұсталды. Бірақ ол педофилді босатып жіберіпті. Енді соны бүкіл ауыл болып қайта ұсталуын талап етіп жатырмыз. Бізге сізден көмек керек болып тұр. Осыны көтеріп берсеңіз дұрыс болар еді. Біз сол педофилдің ұсталғанын қалап отырмыз. Себебі бұл оның бірінші тірлігі емес. Екінші рет болып тұр. Алматы облысы, Жамбыл ауданы. Педофил заңнан сытылып, тағы да бостандыққа шығып кете ме деп қыздың әкесі қорқып отыр. Бұл жағдай бірінші рет емес екен", - дейді хат жазған адам.

Дина Таңсәрі Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция департаментіне үндеу жасап, бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети