27 шілде 2017 14:02

Алматы облысында EXPO-2017 аясында түрлі конкурстар өткізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық мамандырылған EXPO-2017 көрмесін қолдау мақсатында "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ-нің қолдауымен, үкіметтік емес ұйымдардың консалтингтік орталығы Алматы облысының тұрғындары арасында түрлі науқандар мен конкурстар өтікзіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында консалтингтік орталық жетекшісі Елдар Сапаров мәлімдеді. 

Оның айтуынша, облыс аумағында "ЭКСПО шақырады", "ЭКСПО - балалар көзімен", "Менің қиялымдағы ЭКСПО" сияқты бірнеше шағын конкурс өткізілген. Ешбір қатысушы назардан тыс қалмады және барлығына сыйлық берілген. 

"ЭКСПО шақырады" конкурсы 24 мамырда басталған. Оған қатысу үшін @gaao2017, @rsk.almatyobl парақшаларына жазылып, әр адам жеке инстаграмм парақшасына конкурстық жариялым жасау керек болатын. Конкурсқа жалпы 33 адам қатысқан, оларға ЭКСПО логотипі бар базарлықтар берілді. 

"ЭКСПО - балалар көзімен" конкурсы Балалр күніне орай өткізілді. Шара 1 маусымда Жастар саябағында өтті және оған қатысушалыр саны көп болды. Науқан кезінде ұйымдастырушылар балаларға ойыншықтар, EXPO-2017 плакаттары мен ақпараттық кітапшаларын таратты. 

Сонымен бірге, №19 мектеп-гимназиясының төменгі сынып оқушылары арасында "Менің қиялымдағы ЭКСПО" конкурсы өткізілді. Жазғы лагерьде өткен конкурс қорытындысы бойынша, 11 қатысушыға қосымша сыйлықтар берілді, ал үш қатысушы жеңімпаз ретінде танылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети