Алматы облысында әкімдер жалған шешімдер қабылдаған: тергеу басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында әкімдер жалған шешімдер қабылдаған: тергеу басталды Фото:depositphotos.com

Алматы облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдерін пайдалану арқылы жасалған заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдерін пайдалану арқылы жасалған заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қарасай ауданында жалпы ауданы 5 гектар болатын ауыл шаруашылығына арналған жерлердің нысаналы мақсатының әкімдіктің жалған шешімдерінің негізінде заңсыз өзгертілгені белгілі болды. Кейіннен аталған жер 83 жеке жер учаскесіне бөлінген.

Прокуратураның талабымен Қарасай аудандық сотының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдері заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Осыған ұқсас жағдай Іле ауданында да анықталып, онда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы әкімнің шешімі жалған болып шыққан. Прокурорлық қадағалау шараларының негізінде соттың шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

"Аталған деректер бойынша прокуратураның үйлестіруімен полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде (жалған құжаттарды жасау және өткізу) көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.94  course up  604.08  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети