Алматы облысында әкімдік AirPods құлаққаптарын сатып алуын түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алу арқылы жарты миллион теңгеге алынған AirPods құлаққаптары туралы ақпаратты түсіндірі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде бірқатар ерекше лот туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алу арқылы жарты миллион теңгеге алынған AirPods құлаққаптары туралы ақпаратты түсіндірі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде бірқатар ерекше лот туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

PROTENGE Telegram-арнасы Алматы облысында екі жыл қатарынан Apple компаниясының қымбат сымсыз гарнитурасы сатып алынғаны туралы ақпарат жариялады. Тапсырыс беруші - Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы.

"Талдықорғанда екінші жыл қатарынан бюджет қаражатынан Apple компаниясының AirPods құлаққаптары сатып алынған. Төрт жұп құлаққапқа миллион теңгеден аса ақша жұмсалған. Ақша Ішкі саясат бөлімі мен Рухани Жаңғырудың кеңсесі арқылы жұмсалды. Қалай? Жарты миллион теңгеге төрт жұп құлаққап ішкі саясатты нығайтуға немесе рухани құндылықтарды жандандыруға әсер етуі мүмкін бе?" - деп жазды басылым авторлары.

Алматы облысы әкімдігі мәліметінше, әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат шындыққа сай келмейді. Шындығында шенеуніктер бір құлаққапты 97 мың теңгеге сатып алған. Гарнитура республикалық турнирдің жеңімпазына арналған.

"Алматы облысы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі" ЖШС ұйымдастыруымен 2020 жылғы 17-18 шілдеде Жетісу өңіріндегі жастардың ақпараттық және цифрлық технологиялар саласындағы шеберлікті шыңдау, ішкі туризімнің дамуына қолдау көрсету мақсатында Алматы облысы Ескелді ауданындағы Текесу демалыс орнында республикалық Jetisy dron jarysy атты дрондар жарысы өткізілді. Жарыс қорытындысына сәйкес DJI санаты бойынша 3-орынға 97996 теңге көлемінде (ИП Тұрар Насенов) 1 дана құлаққап табыс етілді", - делінген хабаралмада.

Сондай-ақ, жарыс жеңімпазы дрон, ал екінші орын алған жеңімпаз смартфон ұтып алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer