Алматы облысында бір адам коронавирустан емделіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында бір адам коронавирустан емделіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен ер адам Қаскелең қалалық инфекциялық аурханасында толық ем алып, үйіне шығарылды.
Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 жылы туған азамат 17 наурызда Меккеден Түркия мен Қырғызстан арқылы Алматыға келген.
Емделушіге 8 сәуірде жасалған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсетті.
Пациентпен қарым-қатынас жасаған 2 адам пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс.
Қазақстан бойынша инфекциядан жазылғандар саны 61-ге жетті.
Бүгін сағат 12:30 дейін елімізде жалпы 61 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 30, Алматы қаласында – 26, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1, Жамбыл облысында -1, Павлодар облысында- 1 Алматы облысында - 1 пациент.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!