Алматы облысында "Алматы Байсерке Талғар" газ құбыры іске қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Алматы облысында "Алматы Байсерке Талғар" газ құбыры іске қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Салтанатты іс шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты. Облыс басшысы және ресми делегация өкілдері тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға табиғи газдың берілуінің символы ретінде от тұтатты.
"Алматы - Байсерке - Талғар" магистральдық газ құбырының құрылысы" инвестициялық жобасы Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру бағдарламасы аясында және Алматы облысын газдандыру жоспарына сәйкес іске асырылды. Жылына 2,4 миллиард куб газ өткізетін бұл газ құбыры алпыстан астам елдімекендегі 380 мыңнан 600 мыңға дейінгі адамды газбен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ болашақта "Алматы - Талдықорған" магистральдық газ құбыры салынып біткеннен кейін оңтүстік өңір тұрғындарын газбен қамтамасыз ету деңгейі сексен пайызға жетеді", деді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, "Алматы - Байсерке - Талғар" газ құбырының құрылысы 2010 жылы басталған. Газ құбырының ұзындығы - 64,4 шақырым. Жобаның жалпы құны - 7,8 миллион теңге. Осы газ құбырын салу кезінде алғаш рет металл трубалар мен отандық құрал-жабдықтар қолданылды.