28 мамыр 2014 | 11:24

Алматы облысында арақ-шарап шығаратын зауытта өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Алматы облысы аумағында орналасқан арақ-шарап шығаратын зауыт өртке оранды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы аумағында орналасқан арақ-шарап шығаратын зауыт өртке оранды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл оқиға Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында орналасқан "БН" ЖШС"-нің бір қабатты арақ-шарап шығаратын зауытта мамырдың 27-сі күні күндізгі сағат 13.42 шамасында орын алған. "Өрт зауыттың өнім шығаратын цехының шатырынан басталып, дайын өнімді сақтайтын қоймаға қарай ауысқан. Жалын тек сағат 18.47-де ғана толықтай өшірілген", - деп көрсетілген министрлік таратқан мәліметте. Жалын 2047 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен кісі шығыны жоқ. 

"Өртті өшіруге жеке құрамның 22 қызметкері, Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 арнайы техникасы, Алматы қаласының ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен 15 қызметкері қатысты", - делінген ведомство таратқан мәліметте.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети