Алматы облысында асырап алған балаларды ұрып-соққан әйел пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында асырап алған балаларды ұрып-соққан әйел пікір білдірді

Алматы облысында күйеуімен бірге асырап алған балаларды соққыға жыққан әйел өз кінәсін мойындамай отыр. Бұл туралы ол КТК телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында күйеуімен бірге асырап алған балаларды соққыға жыққан әйел өз кінәсін мойындамай отыр. Бұл туралы ол КТК телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зура Өмірзақованың айтуынша, ол тек тәрбиелеумен айналысқан. Сол күні балалар жанжалдасқаннан кейін күш қолдануға мәжбүр болған.

"Ұрлық жасағаннан кейін, өтірік айтқаннан кейін "жасың 18-ге келді ғой" деп, ақылымды айтқам. Ешқандай арам ойым болған жоқ. Бір айттым. Екі айттым. Тіл алмаған соң, ұрдым. "Қойыңдар" деп дауыс көтеретін шығармын. Бірақ балағаттамаймын. Мен дұрыс тәрбие беріп жатырмын деп ойлаймын", - деді Зура Өмірзақова.

Ал, балалардың соққыға жығылғанын видеоға түсіріп алған көршісі шулы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Үнемі балалар айғайлап, көмек сұрап жатады. Біз өткен жылы тиісті органға хабарлағанбыз. Сол уақытта бұл отбасы үйінің ауласындағы монша мен сарайды осы кішкентай балаларға салдыртқан. Он жастан асқан ұлдардың 17 келілік кірпіш тасып жүргенін көргенде жүрегім ауырған. Видеоға түсірдік. Бірақ білім бөліміндегілер ешқандай шара қолданған жоқ", - деді Кахрамон Исанбетов.

Телеарна мәліметінше, бұрын әйелдің өз балалары мен күйеуі болған. Бірақ бес жыл бұрын күйеуі пәтерде өзін өртеп жіберіп, ұлы мен қызы да қайтыс болыпты.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Алматы облысының Іле ауданында ерлі-зайыпты асырап алған балаларын ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети