Алматы облысында ауа райына байланысты республикалық жол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ауа райына байланысты республикалық жол жабылды Сурет: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы ауа райына байланысты жабылды. Республикалық тас жолға шығуға көліктің барлық түріне тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 18 желтоқсанда сағат 13.00-ден бастап боран мен жолдың көрінуі нөлдік деңгейде болуына байланысты республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

"Алматы облысы ТЖД өкілдері тұрғындардан осы бағытта жүруден бас тартуды және 112 қызметінің хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шығарда ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті затты өзіңізбен алып жүріңіз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін 30 қарашада бұл жол ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети