Алматы облысында ауыл тұрғындары далада қалған отбасына үй сыйлады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© astanatv.kz © astanatv.kz

Нұра ауылында (Алматы облысы) тұрғындар өрттен кейін үйінен айырылған көпбалалы Әбдірахмановтар отбасына жаңа баспана сыйлады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұра ауылында (Алматы облысы) тұрғындар өрттен кейін үйінен айырылған көпбалалы Әбдірахмановтар отбасына жаңа баспана сыйлады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Жеті баланың анасы Махаббат Әлиева сол түнді көзіне жас алып еске алады. Күйеуін жұмысқа шығарып салған соң Махаббат балаларымен бірге ұйықтаған. Өртті бірінші болып оның жеті жастағы қызы көрген. Ол анасын, ағасы мен қарындастарын оятқан. Отбасы сол кезде далаға жүгіріп шыққан.

"Балаларымды алып, далаға шықтым. Оларды көршілерімнің үйінде қалдырдым. Көршілермен бірге өртті сөндіре бастадық, бірақ бәрі кеш болды. Үйіміз толығымен өртеніп кетті. Құдайға шүкір, балаларым аман қалды", - дейді көпбалалы ана. 

Отбасы баспанасыз қалған соң көршілері мен кәсіпкерлер көмектескен. Ауылдастар 4,5 миллион теңге жинады. Нұраның үш мың тұрғыны ғана емес, көрші елді мекендерде тұратындар да көмекке келген.

"Жергілікті тұрғындардың өзі бір миллион теңге жинады. Одан бөлек, алматылық бизнесмен Біләл Ұшыровтың көмегі зор болды. Ол 3,5 миллион теңге берді. Осы ақшаға Әбдірахмановтар отбасына үй алдық", - дейді жергілікті мектептің директоры Ысқақ Салманов. 

Телеарна мәліметінше, Әбдірахмановтар ауылдастарының бұл сыйлығына әлі сене алмай жүр екен. Қиын сәтке тап болған кезде осынша адам көмектеседі деп ойламағанын айтады.  

"Осындай қиын сәтте бізге қолдау білдірген барша адамға алғысым шексіз... Бәленің бәрі бізге жоламасын", - деді Қанат Әбдірахманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro