01 қыркүйек 2023 09:23

Алматы облысында ауыл тұрғындары құрты бар суды ішуге мәжбүр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: almaty.tv Фото: almaty.tv

Алматы облысындағы шағын Төңкеріс ауылының тұрғындары құрты бар су ішуге мәжбүр. Шенеуніктердің уәдесінен шаршаған халық биліктен қордаланған мәселелерді шешуді талап етті. Ауылда газ да, жол да, мектеп те, ойын алаңдары да жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


Алматы облысындағы шағын Төңкеріс ауылының тұрғындары құрты бар су ішуге мәжбүр. Шенеуніктердің уәдесінен шаршаған халық биліктен қордаланған мәселелерді шешуді талап етті. Ауылда газ да, жол да, мектеп те, ойын алаңдары да жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Бұл – Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылы. Су, мектеп, газ, жол мен асфальты жоқ ауылда бала ойнап, мал жайылатын алаң ортақ.

"Талғар ауданы бойынша Төңкеріс ауылында ғана газ жоқ. Бұл не сұмдық? Өркениеттен жұрдай, күніміз күн емес", – деді Төңкеріс ауылының тұрғыны Тұрсынбай Қожабекұлы.

"Су жоқ, баланы шомылдыра алмаймыз. Аптасына 8 мың теңгеге біреудің моншасына барамыз. Су құрттап кеткен", – деді Төңкеріс ауылының тұрғыны Айман Әбіханова.

"Жақында су мәселесі бойынша халыққа 5,5 миллион теңге жинаңдар дейді. Халық ондай қаржыны қайдан табады? Зорға күнелтіп отыр", – деді Төңкеріс ауылының тұрғыны Мұхтар Қалыбаев.

Жағдайын айтып, жанайқайын жеткізген жұртқа бүгін де әкімдік өкілі келген.

"Жергілікті атқарушы билік тарапынан өтінім берілді. Ендігі мәселе облыста шешіледі. Қаржы бөлінгеніне байланысты жұмыс жүргізіледі", – деді Панфилов ауылдық округі әкімінің орынбасары Арсен Құрманғазиев.

Миллиондаған ақшаға уақытша су тартуға ел қарсы. Олар "мемлекеттен бөлінетін қаржы игерілсін" дейді. Ауыл балалары 4 шақырым жол жүріп, мектепке барады. Жылдап жоспары дайындалып жатқан жаңа оқу ғимараты келер жылдың күзінде дайын болатын көрінеді.

"Жобалау жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта су ұңғымаларын орналастыратын жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік акт алғаннан кейін, жоба бойынша сараптамадан өту керек. Сараптама қорытындысынан кейін, құрылысқа бюджеттік өтінім берілетін болады. Қаражат бөлінген соң, 2024 жылғы құрылыс бастау мүмкіндігі бар", – деді Талғар аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айбек Ақылжанов.

Ал Талғар ауданы әкімдігі су құбыры тартылғаннан кейін, жол жөнделетінін айтты. Ал тұрғындар "ең болмаса, көше бойында қоршаусыз тұрған трансформаторға назар аударса" дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети