Қызметшілеріне дөрекі сөйлеп, бірнеше даудың кейіпкері болған Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі Әлімжан Тохтасунов қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта оның орнына басқа әкім келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызметшілеріне дөрекі сөйлеп, бірнеше даудың кейіпкері болған Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі Әлімжан Тохтасунов қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта оның орнына басқа әкім келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғаш рет бұл әкімнің есімі биыл мамыр айында Желіде пайда болған аудиожазбада аталған еді. Онда видео авторы Әлімжан Тохтасуновтың балағат сөздер айтып жатқанын айтады. Кейіннен аудиожазбаның көшірмесі мемлекеттік қызмет департаментіне жіберілген еді.
Алайда бұл жағдайларға қарамастан ол қызметін жалғастыра берген. Ал департаментте осы мәселені тәртіптік кеңесте қарастыруға қатысты шаралар жүргізілген.
Осы оқиғадан кейін экс-әкім тағы бір даудың кейіпкері атанады. БАҚ-тарда Әлімжан Тохтасуновтың өзінің жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы мәліметтер пайда болды. Бірақ кейінірек жүргізуші бұл мәліметті жоққа шығарып, араларында тек түсініспеушілік болғанын айтқан. Бұл жағдай да халықтың наразылығын тудырған.
6 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Ләззат Тұрлашов жұмыс сапары барысында ауданға жаңа әкім Шухрат Нұрахуновтың тағайындалғанын хабарлады. Айтуынша, жаңа әкім аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында тағайындалды.
Сондай-ақ, жаңа әкімді таныстырған Тұрлашов осыған дейін аудан әкімі болған Әлімжан Тохтасуновқа атқарған жұмысына алғыс айтты.