Алматы облысында баланы иттер талап тастаған: оқиға орнынан видео тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желіде баланы иттер талап тастаған оқиға орнынан видео тарады. Видео Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығының Instagram парақшасында жарияланды. Мәліметке сүйенсек, оларға видеоны иттің иесі берген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде баланы иттер талап тастаған оқиға орнынан видео тарады. Видео Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығының Instagram парақшасында жарияланды. Мәліметке сүйенсек, оларға видеоны иттің иесі берген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Максим есімді бала тәуелді адамдарға арналған оңалту орталығының қоршауының маңында досымен ұзақ ойнаған. Бұл орталықта ішімдік пен есірткіге тәуелді адамдар бар. Бұл жерде кинолог Алмаз иттерін қоршауда ұстайды. Балалар орталық маңында ұзақ уақыт бойы не істеген? Ата-аналар неліктен балаларын мұндай жерлерді айналып өтуге үйретпейді? Бұл жағы түсініксіз. Видеодан орталық тұрғын үйлерден алыс орналасқанын көруге болады. Иттер қоршаудың артындағы балаларға үріп жатқаны естіледі", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Жануарларды қорғаушылардың пікірінше, балалардың өздері оңалту орталығының маңында ойнап, иттерді ызаландырған.

Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында иттердің иесі, кинолог Алмаз Хамдеев жақын маңдағы ғимаратқа бейнебақылау камерасы орнатылғанын айтқан. Иттер баланы талаған сәт видеоға түспеген. Дегенмен жазбадан баланың айқайы мен иттер үргенін естуге болады. Иттердің иесі бұл оқиға стадионда емес, оңалту орталығының жеке аумағында болғанын айтады.

"Ол жақты камера қамти алмайды. Бұл стадионда болып жатса, дауыс камераға жетпес еді", - дейді Алмас Хамеев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от INUCOBO_RK (@inucobo_reserve)

Еске салайық, бұған дейін Алматы маңындағы ауылда 10 жастағы баланы иттер талап тастағаны хабарланды. Кейінірек 10 жастағы баланың жағдайы белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris.p.karasai (@kris.p.karasai)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети