05 маусым 2023 | 17:14

Алматы облысында белгісіз біреу оқушы қызды ұрлап, басқа ауылға апарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы облысында белгісіз біреу қызды ұрлап, басқа ауылға алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында белгісіз біреу қызды ұрлап, басқа ауылға алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай қыз бен ер адамды камераға түсіріп алған видеосы тарады. Соңында ер адам "қызымен" қыдырып жүргенін айтады. Бірақ кішкентай қыз жылап, бұл әкесі емес екенін айтқан. Осыдан кейін өзін Руслан деп таныстырған белгісіз біреу жылап тұрған оқушы қызды әйелмен бірге қалдырып, сол маңнан асығыс кетіп қалады.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Алматы облысының прокуратурасы мәліметінше, оқиға 4 маусымда таңертең Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылында болған. Видеодағы ер адамның кім екені белгілі болды. Ол Жаркенттің 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Сағат 10:00 шамасында 1987 жылы туған Р. есімді ер адам Жамбыл ауданы Фабричный ауылынан кәмелетке толмаған қызды алып, Қарасай ауданы Жібек жолы ауылына алып келген. Кішкентай қыз өтіп бара жатқан әйелден көмек сұраған. Әйел Қарасай ауданының полициясына хабарласқан.

Сағат 11:20 шамасында қоңырау келіп түскеннен кейін күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта іс аумақтылығы бойынша Жамбыл аудандық полиция басқармасына жіберілді. Бұл факт аудандық прокуратураның бақылауында", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети