Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды polisia.kz

Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ басшысының бұйрығымен:

– ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;

– Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;

– ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;

– ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;

– ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети