04 шілде 2017 | 18:12

Алматы облысында дәрі-дәрмектің 120 түрі жыл соңына дейін қымбаттамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© MedPortal.ru © MedPortal.ru

Алматы облысында дәрі-дәрмектің 120 түрі жыл соңына дейін қымбаттамайды. Бұл туралы дәрі-дәрмекпен қамту және олардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу мәселелері қарастырылған облыс әкімдігінің жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында дәрі-дәрмектің 120 түрі жыл соңына дейін қымбаттамайды. Бұл туралы дәрі-дәрмекпен қамту және олардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу мәселелері қарастырылған облыс әкімдігінің жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фармацевтикалық сала өкілдерінің кездесуінде өңір басшылығы дәрінің түрлі бағаға сатылып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен өткен жиын барысында Алматы облысы бойынша фармация комитетінің департамент жетекшісі, аймақтың қоғам белсенділері және фармацевтика саласының өкілдері баяндама жасады. 

Қоғам белсенділері бір дәрінің әр жерде әрқилы бағаға сатылатыны жайлы деректерді келтірді. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев хабарлады. 

"Біздің қоғамдық қабылдауға тұрғындардан дәрі-дәрмек бағасына қатысты шағым түсіріп жатыр. Мәселен, Алакөл ауданында гипертониядан дәрі "Бисопролол" дәрісі 540 теңге тұрады, ал облыстың халқы тығыз Еңбекшіқазақ ауданында бағасы 1050 теңгеден басталады, Талғар ауданында - 1590 теңге. Біз бұл мәліметті тексеріп, растап отырмыз", - деді Сарыбаев. 

Сонымен қатар, облыстың түрлі аймақтарындағы 50 дәріханаға жасалған бақылау кехінде әжетханаларда дәрі-дәрмектердің атаулары бар тізім мен меморандумға енген медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі әлі күнге жоқ екені анықталды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары барлығының баяндамасын тыңдап болған соң осы бағытқа фармация мен қоғамды тартып, мұнда жүйелі жұмыстың қажет екенін айтып өтті. Облыста 900 дәріхана тіркелген. Сондай-ақ, осы өңірде бағаға әсер ететін 9 ірі дистрибьютор жұмыс істейді.

"Белгілі бір мақсатпен жұмыс істеу керек. Біздің сізбен мақсатымыз бір ғой - халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту. Әлеуметтік дәріханалар ашып, ол дәріханаларға жан-жақты көмек көрсету керек", - деді Жақсылық Омар.

Жиынды қорытындылай отырып, әкімнің орынбасары бұл мәселенің үнемі күн тәртібінде болатынын және жұмыс тобының қызметі қалай орындалып жатқаны тұтынушылардан, яғни, олардың санынан көрінетінін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети