Қазақстанда Е-туризм порталы іске қосылады, мобильдік қосымшалар арқылы "Сакралды орындарды геймификациялау" жобасын іске асыру басталады. 2018 жылы елорданың мерейтойына орай "Ұлы дала рухы" халықаралық көшпелі мәдениет фестивалі өтеді. Осы және басқа да жобалар туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев ҚР премьер-министрдің сайтына берген эксклюзив сұхбатында айтып берді. Алматы облысында қазақы көріністегі Дисней паркін ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Шетелдік инвестицияларды тартуға байланысты жобаларға келер болсақ, бұл тақырыптық ойын-сауық саябақтары болуы тиіс. Әлем бойынша "Диснейлэндтер", "Юниверсал Студиос", "Лотте Уорлд", "Европа парк" және басқалары бар. Алматы облысында өте қызықты жобаны іске асыру жоспарланған. Біз алдын ала әлеуетті инвесторлар - Shanghai Shendi Group кездестік, ол әлемдегі бар алты "Дисней парктің" ең заманауи және ең технологиялы саябағы болып табылатын Шанхайдағы "Дисней парк" жобасын іске асырған. Олар қызығушылық танытып отыр. Біздің "Дисней паркте" тақырыптық нақыш болғанын қалаймыз, ол тарихи тұлғалармен, қазақтардың көшпелі мәдениетімен байланысты болмақ. Ол - Аттила, Шыңғысхан, Әмір Темір, Бабыр, Сұлтан Бейбарыс. Бұл жақсы жоба және ол қолдауға ие болады деп ойлаймын", - дейді Рашид Талапұлы.
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының айтуынша, әзірге концепт, шеберлік жоспары кезеңінде, бірақ жобаның бастамашысы Алматы облысы әкімдігімен жер бөлу туралы меморандум жасасып, концепті бар екен. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.