Алматы облысында "Республикалық жедел-құтқару жасағының" қызметкерлері жоғалып кеткен екі жасар баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, 14 маусымға қараған түні Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында №1 кордонында жұмысшының 2014 жылғы баласының жоғалғаны жайлы мәлімет пайда болады. Туыстары баланы іздеп, таппайды.
"Түнгі бірде 8 адамнан тұратын тобымыз оқиға орнына жөнелтілді. Бала жоғалған орыннан оны табу мүмкін болмады. Таңғы бесте 15 адам оқиға орнына аттанды. Бастапқыда баланың аяқ киімі табылды, ата-анасы аяқ киімнің баланыкі екенін растады. Таңғы 10.00-де үйден 300 метр жерде сәбиді сайдан таптық. Дәрігер сәбидің жағдайын қарады, оның денесінде жеңіл жарақаттар болған", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖД "Республикалық жедел-құтқару жасағы" өкілдері.