03 наурыз 2021 | 13:42

Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданының әкім ауысты

Фото: instagram.com/zhetysupress

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ауысты. Ауданның жаңа әкімі болып Әлібек Жақанбаев тағайындалды. Бұл ақпаратты өңірдің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ауысты. Ауданның жаңа әкімі болып Әлібек Жақанбаев тағайындалды. Бұл ақпаратты өңірдің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, дәл осы Еңбекшіқазақ ауданында әуежай маңындағы жер телімдеріне қатысты жанжал шыққан еді.

Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы 1964 жылы туған. Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "орман шаруашылығы инженері" мамандығы бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын Алакөл ауданы "Левобережный" совхозында жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдары Семей қаласындағы "Зеленстрой" шаруашылық есептегі учаскесін көгалдандыру бөлімі агрономы, жұмысшы, цех шебері, Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығы инженері, Үшарал орман шаруашылығы орманшысы, Алакөл орман шаруашылығы бас орманшысы, "Қаратал орманы" Алакөл бөлімшесі директоры, "Талдықорған ағаштары" Алакөл бөлімшесі бастығы, "Алакөл орман шаруашылығы" директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданы әкімі қызметтерін атқарды.

2011 жылғы мамырдан бастап Алматы облысы Алакөл ауданы әкімі қызметін атқарған.

Бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі Қуанышбек Қашқимбаевтың отставкаға кеткені туралы хабарланған еді.

Айта кетейік, 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасары Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерін заңсыз сату бойынша ұйымдасқан қылымстық топ құрды деген күдікке ілінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная