26 маусым 2020 16:10

Экс-әкім Алматы әуежайының маңында заңсыз жер сатты деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары мен бұрынғы әкімі қала әуежайының маңында жер телімдерін сатты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, іс бойынша күдіктілер қатарында "Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің бұрынғы бас маманы да бар екені хабарланды.

"2015-2019 жылдар аралығында Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімінің басшылығы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Талғар ауданы Қызылту ауылы мен Алматы әуежайының маңындағы жерді мемлекеттік қордан алдын ала заңсыз алып қою арқылы сатып алушылардың пайдасына жалпы ауданы 12,733 гектар тұрғын үй нысандарын салуға арналған 191 жер телімін сатып жіберген. Осылайша олар мемлекеттің қорғалатын мүддесіне ауыр зиян келтірді.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Күдіктілердің кінәсі туралы соңғы шешімді сот шығарады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети