Алматы облысында итті көлігіне байлап, өлімші етіп сүйрегендер анықталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында итті сүйреген ер адамның әрекетін куәгерлер байқап, видеоға түсіріп алған. Оқиға Алатау тасжолы бойында Тұздыбастау аулында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында итті сүйреген ер адамның әрекетін куәгерлер байқап, видеоға түсіріп алған. Оқиға Алатау тасжолы бойында Тұздыбастау аулында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан елді мекен көшелерімен кетіп бара жатқан қызыл түсті көлікке байланға итті көруге болады. Қиналған жануар қан жоса болып, жүруден қалған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода куәгер көлік иесін тоқтатып, итті баудан босатып алғанын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Liza, 19 (@_dzhanabekova)

Қазір осы оқиғаға қатысты Талғар аудандық полиция басқармасында 316-бап "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша іс қозғағанын хабарлады.

"Соталды тергеп-тексеру жоғарыда аталған бөлімнің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушы 1987 жылғы ер адам екені анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети