Алматы облысында жалпы сомасы 7 миллион теңге болатын "Азитромицин" тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жалпы сомасы 7 миллион теңге болатын "Азитромицин" тәркіленді Видео кадры

Алматы облысында жалпы сомасы 7 миллион теңге болатын дәрі тасып келе жатқан автокөлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жалпы сомасы 7 миллион теңге болатын дәрі тасып келе жатқан автокөлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап. 

2020 жылдың 6 шілдесінде Алматы - Бішкек трассасында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттары мен лицензиясыз заңсыз сатқан тұлғаларды ұстады.

Тінту барысында 10 қорап (әр қорапта 242 данадан) жалпы соммасы 7 миллион теңге болатын "Азитромицин" препараты анықталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабы бойынша тергеу басталды. 

Сондай-ақ 5-6 шілде аралығында дәрі-дәрмекті тасымалдауға байланысты 18 заң бұзушылық (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Маңғыстау облысы, БҚО, Алматы, Атырау облыстарында, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында) анықталған. Одан бөлек, жалпы сомасы 727 миллион теңге болатын 182 мың қорап дәрі тәркіленген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети