ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Райымбек ауданын Кеген және Райымбек аудандарына бөлу туралы туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Райымбек ауданын Кеген және Райымбек аудандарына бөлу туралы туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кеген ауданының орталығы Кеген де, Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы болады екен.
"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.