29 мамыр 2024 | 17:48

Алматы облысында жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адам өмір бойына сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы облысында әйел адам мен екі баласын өлтіріп, үйін өртеп жіберген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында әйел адам мен екі баласын өлтіріп, үйін өртеп жіберген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелді және оның екі баласын өлтірді, қылмысты жасыру үшін үйін қасақана өртеп жіберді және мүлікті ұрлады деген айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 202-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы, 99-баптың 2-бөлігінің 1, 3), 5), 10)-тармақтары, 99-баптың 3-бөлігі, 188-баптың 1-бөлігі
бойынша).

Сотталушы мас күйінде бірге тұратын әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын пышақтап өлтірген. Содан кейін үйдің есігін сыртынан құлыптап, қашып кеткен. Бір күннен кейін ол қылмыс орнына қайта келіп, жәбірленушінің 40 мың теңгесін ұрлап, кісі өлтіру ізін жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген.

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтары, сарапшылардың қорытындылары және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Сот сотталушыны өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети