Алматы облысында полицейлер үйінен қашып кеткен 15 жастағы қызды тапты. Жасөспірімнің айтуынша, ол жеке өмір сүргісі келген және мешіттерде түнеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында полицейлер үйінен қашып кеткен 15 жастағы қызды тапты. Жасөспірімнің айтуынша, ол жеке өмір сүргісі келген және мешіттерде түнеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция 6 сәуірде Көксай ауылының 45 жастағы тұрғыны қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсіргенін хабарлады.
"Алғашқы тексеру кезінде жедел уәкілдер толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан жасөспірім 4 сәуірде құрбысымен серуендеуге шығып, жоғалып кеткенін анықтады. Анасы екі күн бойы қызын іздестіріп, үміті үзілгеннен кейін полицияға жүгінген", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Полиция қызды жеті сағат ішінде тауып, үйіне қайтарды.
"Анықталған факт бойынша ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес "Ата-аналардың кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді қаңғыбастықпен айналысуға әкеп соққан орындамауы" әкімшілік хаттама толтырылып, ол заңды шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 442-бабы негізінде кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінсіз үйінен тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болғаны үшін анасына ресми ескерту жасалды", - деді ведомство өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!