Алматы облысында жасөспірімдер жолдың ортасында көкпар өткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында жасөспірімдер жолдың ортасында көкпар өткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгер оқиға Фабричный кентінде болғанын жазған. Ол жасөспірімдер көкпар ойынын ұйымдастырып, қойдың орнына басы жоқ итті қолданғанын айтты.
"Біз күтпеген жерден көкпарға куә болдық. Жасөспірімдер қойдың орнына басы жоқ итті алып жүр. Балаларым да көрді, олар жылап, шошып кетті. Бұл қалыпты жағдай ма? Ата-ана неге өз балаларын тәрбиелемейді? Оларға бұл қызық ойын болып көрінеді ме? Демек иттің басын жұлып алу олар үшін үйреншікті болғаны ғой. Бұл - қатігездік. Олар осылай өз жолын байлайды. Адамдардан қорықпаса да, Алладан қорқу керек", - деді әйел.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы облысының полиция департаменті жасөспірімдерді іздеумен айналысатынын мәлімдеді. Олардың жеке басы анықталғанан кейін шара қабылданады. Полиция мәліметінше, оқиға Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылында болған.
Сілтемесіз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!