21 желтоқсан 2022 | 09:53

Алматы облысында жеке кәсіпкер көшені сатып алып, жауып тастаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Алматы облысы Абай ауылындағы 20-дан аса отбасы шағымын айтып берді. Олар қалаға шығатын жалғыз көшені жеке кәсіпкер сатып алып, жауып тастаған. Бұл туралы Almaty.tv арнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Абай ауылындағы 20-дан аса отбасы шағымын айтып берді. Олар қалаға шығатын жалғыз көшені жеке кәсіпкер сатып алып, жауып тастаған. Бұл туралы Almaty.tv арнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер иесі учаскені жауып тастағандықтан, жергілікті тұрғындар күн сайын өмірін қатерге тігуге мәжбүр. Жартас шетінде орналасқан жол - үйге апаратын жалғыз жол. Одан кейін өзенге түсетін тік құз.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, төтенше жағдайда көмек көрсететін ешкім жоқ. Дәрігерді үйге шақыра алмаймыз немесе өз бетімізше ешқайда бара алмаймыз, дейді олар.

Тұрғындар биік қоршауды алып тастауды өтініп, жергілікті әкім мен үй иесінің өзіне бірнеше рет жүгінгенімен, нәтиже болмағаны белгілі болды. Бірақ бастапқыда бұл учаске заңсыз алынған, дейді заңгерлер.

"Заңға сәйкес, 25 гектарға дейін меншікке беріледі. Біріншіден, 26 гектар жер жекеменшікке берілген. Екіншіден, нысаналы мақсаты - өндірістік база. Өзеннің бойында 30 метрге дейін күзет аймағы, ол жерде өндірістік база салынып жатқан жоқ", - деді заңгер Мадияр Аймырзаұлы.

Ешкім көмектеспегендіктен, ауыл тұрғындарының тікелей облыс әкіміне жүгінуден басқа амалы қалмаған.

"Тәртіп сақшыларына, сот орындаушылары мен аудан әкіміне мәселені жан-жақты зерделеуді тапсырамын. Бұл жағдайдан шығудың жолын бірігіп тауып, әрекетке кірісіңіздер", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Заңгердің айтуынша, сот шешімін қайта-қайта орындамағаны үшін ауыл әкіміне 60 АЕК, яғни 200 000 теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети