Алматы облысында жол апатына түскен әкімнің ісі: жаңа мәлімет

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жол апатына түскен әкімнің ісі: жаңа мәлімет Фото:gov.kz

Алматы облысында жол апатына ұшыраған ауыл әкімі әлі жұмысқа шықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жол апатына ұшыраған ауыл әкімі әлі жұмысқа шықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі жол-көлік оқиғасына ұшырағаннан кейін әлі күнге дейін қызметіне кіріскен жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына аудан әкімдігі берген жауапта айтылған.

Мән-жайы

Жол апаты 13 қыркүйекте Алматы облысындағы Қарасаз – Сарыжаз тасжолында болған. Полиция мәліметінше, Bestune T55 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, әкім мен тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Кейіннен аудан әкімдігі жол апатына түскен адамның Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев екенін растады. Қазіргі уақытта ол стационардан шығарылғанымен, амбулаторлық ем алуды жалғастырып жатыр.

Қызметтік көлікті қолдану және тәртіптік жаза

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Дәулеталиев жұмысқа шықпағандықтан, оған қатысты қызметтік тексеру әзірге жүргізілмейді. Сонымен қатар, жол апаты қызметтік автокөлікпен болған. Алайда көлік сол күні жеке мақсатта, демалыс күні пайдаланылған.

Шенеуніңтің әрекеті этика кеңесінде қаралады. Бұл мәселе ол жұмысқа қайта кіріскеннен кейін шешіледі.

Ал жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы облысының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети