Алматы облысында белгілі белсенді және қоғам қайраткері жолды өзі бетінше жөндегені үшін айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысында белгілі белсенді және қоғам қайраткері жолды өзі бетінше жөндегені үшін айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Қарабұлақ ауылының 67 жастағы тұрғыны үйінің жанындағы жолдың шағын бөлігін кеңейтуді ұйғарған. Алайда өз бетінше жол салған зейнеткерге жергілікті билік 70 мың теңгеге жуық айыппұл салған. Шенеуніктер зейнеткер құрылыс қоқыстарын бөрене маңына төгіп тастағанын мәлімдеді. Мамандар зейнеткерге ескерту жасаған, кейін қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін айыппұл салған.
"Бетон араластырғыш көлікті өткізу үшін ол қауіпсіздікті сақтамай, газ құбырын темірмен көтерген. Егер сол жерде бір жырық кетсе, құдай сақтасын, не болар еді? Біз газдың жарылуы туралы ескерттік. Содан кейін біз оған айыппұл салдық. Бұл ғана емес, ол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындардың қолдарын қойдыртып алған", - деді Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев.
Ауыл тұрғындарының пікірі екіге бөлінді. Біреулер әкімдік қызметкерлері игі бастаманың ақысын төлеуі керек десе, енді бірі зейнеткерді дұрыс емес әрекет жасады деп айыптайды.
"Ешқандай арыз, хат болған жоқ. Оның қол қойдыртқан қағазы мүлдем басқа. Жолды кеңейтуге қатысы жоқ. Ол ескі үйін бұзуға мәжбүр болды. Ескі үйін бұзды, басқасын салды", - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Гүлшат Халилова.
"Көршіміздің ешқандай кінәсі жоқ. Тек игі іс жасаймын деген ойы болған. Бірақ айыппұл арқалап қалды. Мәселен, мен өзім мұндай іске араласпайтын едім. Ал ол кісі барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, көршілеріне жақсылық жасағысы келген. Жағдайдың бұлай болғаны өкінішті," - деді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Ольга Кукличева.
Мамандардың айтуынша, зейнеткер прокуратураға арыз жазып, хаттамаға шағым түсірмек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!