21 шілде 2022 | 08:54

Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан ер адам қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/baigekazakhstan

Алматы облысының Междуреченск ауылында жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана басқан ер адам сот шешімі бойынша 10 тәулікке қамауға алынды. Тергеу тараптардың татуласқанына қарамастан, бапты өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Междуреченск ауылында жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана басқан ер адам сот шешімі бойынша 10 тәулікке қамауға алынды. Тергеу тараптардың татуласқанына қарамастан, бапты өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Алматы облысында жылқыны қасақана басқан жүргізушінің видеосы Желіде қызу талқыланған еді. Күдіктіні полиция ұстаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде атты басқан. Ер адам өзінің әрекетін бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырыстым деп түсіндіріпті.

Жануар аман қалған, бірақ иелері оны жарақаты болғандықтан бауыздауға мәжбүр болған. Кейін полиция өкілі күдікті зардап шеккен жылқының иесіне келтірілген залалды толық өтегендіктен іс тоқтатылағанын айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіде ер адамның үйіне шабуыл жасалғаны туралы да ақпарат пайда болды. Алматы облысы Полиция департаменті мұндай оқиға, шынымен болғанын растады. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная